13 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №599 

382 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 қараша, Астана қаласы Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі Б.СҰЛТАНОВ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №599 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ереже Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтерін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ішкі аудит қызметтерінің мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды. 1. Жалпы ережелер 1. Ішкі аудит қызметтері (бұдан әрі – ІАҚ) бірінші басшының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қалауы бойынша орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органы ведомстволарының бірінші басшысының, шешімімен (бұйрық, өкім) құрылады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» (бұдан әрі - Заң) 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, қолданыстағы заңнама талаптарына және мемлекеттік органның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады. 3. ІАҚ құрылымын және штаттық санын (сандық құрамы) орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органы жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымдық тұлғалар), ал олар болмаған жағдайда – осы мемлекеттік органдардың басшылары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі бұйрығының (өкімнің) негізінде бекітеді. Жоғары Соттың және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының ІАҚ қызметін ұйымдастырушылық және материалдық –техникалық қамтамасыз етуі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 4. ІАҚ қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі Ішкі аудит қызметі туралы ереженің негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді, және оларды орталық атқарушы орган жауапты хатшысы (белгілі тәртіппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымдық тұлға), ал олар болмаған жағдайда осы мемлекеттік органның бірінші басшының келісімі бойынша, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі бұйрығының (өкімнің) негізінде бекітеді. 2. ІАҚ мәртебесі 5. ІАҚ мемлекеттік органның бөлімшесі болып табылады, басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органы ведомствосының бірінші басшысына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне есеп береді және бағынады, мемлекеттік органның ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде болады. 6. ІАҚ ішкі мемлекеттік аудитті жүгізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз. 7. ІАҚ орталық мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындау немесе орындауға тартыла алмайды. 8. ІАҚ қызметкерлеріне ІАҚ мәртебесіне, мемлекеттік органның ережесіне және ішкі мемлекеттік аудит туралы ережеге сәйкес қолданылуы мүмкін емес құжаттарды қоспағанда мемлекеттік органның ішкі құжаттарының ережелері таратылады. 9. ІАҚ қызметін бағалауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді. 3. ІАҚ негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері 10. ІАҚ негізгі мақсаты мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның, аумақтарды дамыту бағдарламаларының стартегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қажетті жәрдемдесу, мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органды тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну болып табылады. ІАҚ міндеттері: 1) мемлекеттік органның стратегиялық құжаттарының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау; 2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, мемлекеттік органның қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру. 12. ІАҚ функциялары: 1) қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысады; 2) мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары, соның ішінде көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізеді; 3) мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді; 4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді, соның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша; 5) мемлекеттік органның ішкі процестерінің (бизнес процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстолық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады; 6) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы аумақтарды дамыту бағдарламалардың мақсатттары мен міндеттеріне қол жеткізуін, оның ішінде дамуға арналған нысаналы трансферттерді іске асыруды қоса бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдайды; 7) тиісті мемлекеттік органда тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады; 8) мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізу мәселелері бойынша тиісті ақпаратын тыңдайды; 9) мемлекеттік органның басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерді пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік орган қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп береді; 10) орталық мемлекеттік органның басшысына немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады; 13. ІАҚ құқықтары: 1) құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттар жүйелері деректерінің құрамы мен нысандары туралы мәлеметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату; 2) Қазақстан Республикасының бюджетік заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды тиісті уәкілетті органға қарау үшін ұсыну; 3) мемлекеттік аудитті жүргізу шеңберінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз рұқсат алу; 4) мемлекеттік аудит міндеттері мен мәндеріне сәйкес ішкі аудит нәтижилері туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, соның ішінде электронды тасығыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпаратты жүйелерге қолжетімділікті, соның ішінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты алу; 5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен жүргізілген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату; 6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларынан және басқа да лауазымдық тұлғаларынан тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүргізген кезде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар көшірмелерін ұсынуды талап ету; 7) тиісті мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша жұмыстағы консультациялық қызметтер көрсету; 8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге құқықтарға ие. 14. ІАҚ міндеттері: 1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізеді; 2) ІАҚ-тың жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, ІАҚ оқыту бойынша жоспарларын әзірлейді, оларды бірінші басшыға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне) бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді; 3) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде бірінші басшысымен (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен) бекітілетін тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырады; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметті ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органның интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістерді орналастырады; 5) тексерулердің қайталануын болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған өзгерістерді келіседі; 6) жүйелік негізде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, соның ішінде ІАҚ-тың деректерін, міндетті орындалуы үшін жіберілген ұйғарымдары мен ұсынымдарының орындалуының мониторингін жүзеге асырады; 7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасайды; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін сақтайды; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай деректер қорына орналастырады; 10) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттерін­де қылмыс­тық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар береді; 11) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген режиміне кедергі жасамайды; 12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және олардың жолын кесу бойынша берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындайды; 13) қызметтік және кәсібі этика талаптарын сақтайды; 14) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымдық тұлғаларына) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі жасамайды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер береді; 15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, соның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызмет­тік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламайды; 16) орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының бірінші басшысына, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкіміне мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлайды; 17) мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпараттың және іс жүзіндегі фактілердің негізінде ғана мемлекеттік аудит нәтижелерін негіздейді; 18) мемлекеттік органның басшысы басшылық ететін Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді; 19) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер. 15. ІАҚ оған жүктелген функциялар мен міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. 16. ІАҚ қызметкерлері мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттарын және стандарттарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікте болады. 4. ІАҚ қызметін ұйымдастыру 17. ІАҚ–ға басшылықты орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген тұлға), ал олар болмаған жағдайда-бұйрықтың (өкімнің) негізінде мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісім бойынша мемлекеттік мекеменің басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын ІАҚ басшысы жүзеге асырады; 18. ІАҚ басшысы ІАҚ-ға жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларының жүзеге асырылауын қамтамасыз етеді, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ІАҚ қызметкерлерінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейді, Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес құрамына қатысады. 19. ІАҚ басшысы мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, бірінші басшысына, облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысымен (белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген тұлғалармен), ал олар болмаған жағдайда-мемлекеттік мекеменің басшысының келісімі бойынша ІАҚ құрылымы және штаттық кестесі жөнінде ұсыныстар береді. 20. ІАҚ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ІАҚ атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге, ведомстволарға, аумақтық органдар ммен ведомстволық бағынысты ұйымдарға жіберілетін құжаттар мен сауалдарға ІАҚ басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны ауыстыратын тұлға қол қояды. 21. ІАҚ қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасымен, Ішкі аудит қызметі туралы ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтқы актілермен белгіленеді. 22. ІАҚ қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың бірінші басшылары бекітетін ІАҚ-ның перспективтік, жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарына және мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. 5. ІАҚ есептілігі 23. ІАҚ жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жібереді. 24. ІАҚ жыл сайын орталық мемлекеттік органның, орталық мемлеккеттік органы ведомстоларының басшысына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астана әкіміне, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша жылдық есептер береді. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12544 болып енгізілді.